Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕНГІЗІЛЕДІ»

c 00:18, 05/12/2023 c 46

0:00 / 0:00

Азия елдерінің іскер, билікте жүрген, заңгер, кәсіпкер әйелдері және халықаралық ұйымдардың өклідері бас қосқан жиында зорлық-зомбылық мәселесі талқыға салынды. Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы тұру қазір жаһандық мәселеге айналған деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. Әлемде әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылықтың задабын шегеді. Құрбаны болады.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Бұл проблема әлемдегі жаһандық мәселені бірі болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі әрбір үшінші әйел физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болған. Осы қоғам дертімен күресу үшін әлемнің 155 елінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңдар қабылдады»

Әйелдер қауымы зорлық зомбылыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді ұсынады. Әйелін ұрып-соққан еркекті 15 тәулікке қамағанмен мәселе шешілмейді дейді заңгерлер.

Парламент зорлық-зомбылыққа қарсы күресті және осы қылмыс үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық новеллалардың жаңа пакетін әзірлеуге кірісті. Депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр. Өкінішке орай, құжатты талқылау барысында шенеуніктер тарапынан бұл нормаға қарсылық білдіргендер де болған.

Жоғары заң шығарушы орган зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасын қабылдаса, жәбірленушінің денсаулығына орташа және ауыр зиян келген жағдайда бас бостандығынан айыру көзделген. Содай-ақ отбасында жан-жал шығарушыны үйінен шығарып жіберу де қарастырылуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.