Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылыту маусымына дайындық барысы

c 18:39, 14/09/2021 c 398

Жайық жылу қуат" мекемесі Орал қаласындағы жылыту маусымына сақадай саймыз деп мәлімдеді. Жылуға жауапты мекеме соңғы гидравикалық жұмыстарын осы аптада бастады. Бір жұма бойы аудан-ауданды ыстық судан ажыратып жатыр.

Орал қаласында 1208 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 785-Пәтер иелері кооперативіне қарайды. 43 баспана мүлік иелерінің бірлестігіне өткен. Ал 350 үй ешбір ПИК-не өтпеген. Мамандар осы үйлерді қысқы жылу маусымына дайындау қиынға соғатынын айтады. Биыл 6 мың шақырым жылу желісі алмастырылған. "Жайық жылу қуат" мекемесі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін 198 млн. теңгедей қаражат бөлген. Енді тұрғындардың бережағы туралы айтсақ. Қазіргі таңда оралдықтардың коммуналдық төлем үшін 389 млн. теңгедей қарызы бар.

Естеріңізге сала кетейік: Өткен жылдары "Жайық жылу қуат" мекемесінің көгілдір отын үшін млрдаған қарызы бар еді. Атқарушы билік осы қарызды жауып берді. Бережақ көбейген шақта оралдықтар ыстық судан ажырап қалғаны да есімізде. 2017 жылдары монополист мекеменің басынан дау арылмағаны да белгілі. Мекеменің екі бас директоры жауапкершілікке тартылды. Жылуға жауапты мекеме 3 күн бойы ауа райы сегіз градус болып сақталса, пәтерлерге жылу береміз деп мәлімдеді.

Сурет https://www.uralskweek.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.