Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылыту маусымы аяқталды

c 18:04, 13/04/2021 c 470

0:00 / 0:00

12 сәуірде қалада жылыту маусымы аяқталды. Жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорын келесі маусымға дайындыққа кіріседі. Жылыту маусымы қалыпты өтті. Тек желілерде шағын апаттар орын алып, ол дер кезінде қалпына келтірілді. «Жайықжылуқуат» АҚ бас директорының кеңесшісі Вячеслав Солодиловтың айтуынша, гидравликалық сынақтар 1 мамырға дейін жүргізіледі.Осыған байланысты ыстық су беруде 1-2 күн үзілістер болуы мүмкін. Оған бірнеше себеп бар.
Әрине, бұл кәсіпорынға едәуір шығын әкелген. Бүгінде жылу таратушы мекемеге тұтынушылардың қарызы - 540 млн. теңгеге жеткен. Одан бөлек өнеркәсіптік кәсіпорындар 57 млн. теңге қарыз. Егер қарыз уақытында өтелсе, жаз мезгілінде ыстық суды айыру мәселесі болмайды дейді сала мамандары. Бүгінде кәсіпорын «ҚазТрансГазАймақ» алдындағы қарызын толығымен өтеген. Ал, Орал Жылу электр орталығы 1960 жылы пайдалануға берілген. Осы орайда коммуналдық мекемедегі қондырғылардың 83 пайызының тозығы жеткен. Осы орайда турбиналық қондырғыны жөндеуге былтыр жобалық-сметалық құжаттама дайындалыпты. Көп ұзамай жаңғырту жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.