Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЫЛУ ЖОҒАРЫ ҚАБАТТАРҒА ЖЕТПЕЙДІ

c 16:26, 20/10/2021 c 1593

0:00 / 0:00

Бірлік 33 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары әлі күнге жылуға жарымай отыр. Жоғарғы қабаттың тұрғындары 6-қазаннан бастап берілген жылудың рахатын сезінбей келеміз. Он бес күн өтсе де пәтерімізде жылу жоқ, ал ай аяғында коммуналдық ақыны төлеуіміз керек налиды.

Бұл- мемлекеттік бағдарлама аясында салынып, өткен жылы пайдалануға берілген көп қабатты тұрғын үй. Бірлік 33 мекенжайында орналасқан осы үйдің жоғарғы қабат тұрғындары бірнеше айдан бері проблемадан көз ашпай келеді. Енді күн салқындаған шақта жоғарғы қабаттағы пәтерлерге жылу жетпей отыр. Үйлерді жылытатын батериялар салқын. Тұрғындар суық үйде қос-қос көрпе жамылып, қалың киініп ұйықтауға мәжбүр.

Тұрғындардың базынасын "Таза аудан" пәтер иелері кооперативіне жолдау үшін барған едік. Алайда ПИК төрағасы орнында болмай, "Тұрғындар неліктен жылусыз отыр?" деген сұрағымызға телефон арқылы да жауап беруден бас тартты.
Түрлі саланың мамандары тізе қосып, проблемадан шығар жолды тез таппаса, тұрғындар ипотекаға алған қарызын бір төлеп, жылымай тұрған пәтерлерінің коммуналдық төлемін екі төлеп, суық тигізіп, ауырып-сырқаса емделу үшін ақшалары мен уақыттарын тағы жұмсамақ. Президенттің "Еститін үкімет" қағидасы тұрғындардың талабын естиді деген үміттеміз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.