Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖУРНАЛИСТІ НЕ ҮШІН ШЕШІНДІРДІ?

c 00:16, 17/08/2023 c 39

0:00 / 0:00

Журналист Сандуғаш Дүйсенованы ұстау барысында заң бұзушылықтар орын алды ма? Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде журналисті ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы ақпарат тараған болатын. Кейін босап шыққан журналист Дүйсенова өзін полицейлер бөлімшеде шешіндіріп, видеоға түсіргенін жеткізді. Үкімет дәлізінде тілшілер Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевқа полицейлердің әрекетіне қатысты сұрақ қойған еді.

Көпке мәлім журналист, қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова 11 тамыз күні ұсталғанды. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Дүйсенова Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйқамаққа шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейін журналист өзін полицейлер бөлімшеде шешіндіріп, видеоға түсіргенін әлеуметтік желіде жазғанды. Бұл жазбадан соң желі бетінде полицейлердің әрекетіне қатысты сыни пікірлер көбейіп кетті. МәселеніҢ мән-жайын Ішкі істер вице-министрінен білген едік. Қожаев мырза қоластындағылардың заңды, заңсыз әрекет еткенін прокуратура анықтайды деді. Жетісулық журналист қызды тінту барысында ер адамдар қатысқан жоқ деп ақталды вице-министр.

Ал егер, осы іске қатысты құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеті заңсыз деп танылса, полиция Дүйсеновадан кешірім сұрауға дайын ба?

Өз кезегінде ақпарат және қоғамдық даму министрі оқиға болған сәттен ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын бақылауда ұстап отырғанын айтты

Ал «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры журналист, қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенованы тінту мен оның үстінен қозғалған қылмыстық істің қаншалықты заңды екенін тексеру жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Еске сала кетейік, Сандуғаш Дүйсенованың үстінен қылмыстық істің қозғалуына журналистің мақаласында адам өлімі үшін сотталған Ақжалбеков А.К есімді азаматтың ЖСН дерегі көрсетілгені түрткі болған. Сотталушы журналистің үстінен Жетісу облысының прокуратурасына арыз жазған, осыған орай Дүйсенованың үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.