Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмысты жандандыру қажет

c 17:21, 04/02/2019 c 557

0:00 / 0:00

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топтың кезектен тыс отырысы өтті. Жиында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті атқарған жұмыстар баяндалды. Сонымен қатар, жиында «Сырым» өткізу бекетіндегі кептеліс мәселесі талқыланды. Жиында алдымен жаңа мониторингтік топтың жетекшісі сайланды.  Енді бұл міндетті өңірдегі қоғам белсенділерінің бірі Айгуль Түркина атқаратын болады.  Деапартмент басшысы Болат Исақов бұған дейін аталмыш қызметті атқарған Әлия Сәлеваның алдағы қызметіне сәттілік тілеп жыл ішінде сәтті атқарған жұмыстарды атап өтті. Қоғамдағы келеңсіздіктер топтың назарынан тыс қалған емес. Әсіресе, әлеуемттің саланың түйткілдері әрдайым мониторингтің топтың назарында. Анықталғандай көп жағдайда сыбайлас жемқорлыққа жергілікті атқарушы орган өкілдері жол береді.Осы орайда кірістер департаментінің өкілдері соңғы кезде талаптардың  өзгергенін және кептелістің алдын-алу бағытында қажетті жұмыстардың қолға алынатынын ескертті. Күніне аталмыш бекеттен 800-ден аса жүк көлігі тексеруден өткізілсе, бір жүк көлігін қадағалау уақыты 7-8 минутқа созылады дейді сала мамандары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.