Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Нәтижелі жұмыспен қамтудың" аяқ алысы

c 11:21, 05/10/2018 c 719

0:00 / 0:00

Биылғы жылы қаламыздың 6200-ден астам тұрғыны халықты жұмыспен қамту орталығына барып, қызметке тұруға байланысты өтініш білдіріпті. Солардың ішінде 4000 мыңнан астам азаматқа қолдау көрсетіліп, тиісті қызмет түрлері ұсынылған. Ал, 2400-ден астамы тұрақты жұмысқа орналасқан. Елбасы өзінің жолдауларында қазақстандықтарды жұмыспен қамту керектігі турасында тапсырма жүктеген еді. Бүгінде азаматтарға екі қолға бір күрек тауып беретін тапсырма қалай жүзеге асып жатыр? "Нәтижелі жұмыспен қамту" деп айдар таққан бағдарламаның пәрмені қандай?

Еліміздегі жұмыссыздардың санын төмендету үшін "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл бағдарлама екі қолға бір күрек таба алмаған жандарға көмек қолын созып, өзге мамандықты игертуге жәрдемдесіп, өз кәсібін ашып, қызмет жасауға мүмкіндік беруді көздейді.

Биылғы жылы Орал қаласы бойынша бағдарлама аясында қысқа мерзімді курсттардан 216 адам өткен. Бүгінгі таңда олардың 132 -сі оқуын аяқтапты. Қысқа уақыттың ішінде білімін жетілдірген азаматтың 47-сі тұрақты жұмысқа қабылданған. Сала мамандары бүгінгі таңда, тігінші, электрик мамандықтарына деген сұраныс басым болып отыр дегенді айтып отыр.

Әлеуметтік сала бойынша білімін жетілдірген оралдықтың бірі- Виктория есімді бойжеткен. Ол оқуын аяқтап, жастар тәжірбиесі арқылы ауылдық жерде қызмет жасаған. Межелі уақыт өткеннен соң, кейіпкеріміз
жұмыспен қамту орталығына білімін жетілдіру үшін курсқа келіп, өтініш білдіріпті. Екі апта тәжірбиеден өткеннен соң, бойжеткен тұрақты жұмысқа орналасқан.

Бағдарламаның негізгі бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Жеке кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Оралдық 48 азамат мемлекеттен жеңілдетілген несие алған.

Мемлекеттің қолдауына ие болған жандардың бірі - Ақұштап Құспан есімді кәсіпкер. Жеке кәсібін ашқан кейіпкеріміз 16 млн теңгедей несиесін 5 жылға рәсімдепті. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер жұмыспен қамту орталығы арқылы кәсібін өзгерткен жандарды жұмысқа алған.

Сала мамандары келер жылдың ақпан айынан бастап екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға арналған қысқа мерзімді курстардың ұйымдастырылатынын хабарлайды. Жұмысқа орналасу мен біліктілікті арттыру , өзге мамандықты игеру бойынша туындаған сауалдардың жауабын Құрманғазы көшесі 173 А мекен-жайынан білуге болады.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.