Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдағы жемқорлыққа жол бермеу

c 17:11, 25/08/2020 c 549

0:00 / 0:00

Шамадан тыс жүк тиелген көліктер аймақтағы автомобиль жолдарын бүлдіруде. Батыс Қазақстан облыстық көліктік бақылау инспекциясының мамандары осылай деп дабыл қағып отыр. Қазіргі таңда облыста 18 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген. Олар өңірдегі 44 карьерден өндірілетін инертті материалдарды күндіз-түні құрылыс алаңдарына тасиды. Алайда бұл карьерлердің ешқайсысы жүк көліктерінің салмағын өлшейтін арнайы қондырғымен қамтылмаған. Салдарынан тасымалданатын жүктің көлемі белгіленген нормадан бірнеше есеге артық болып шығады. Бекеттерде бақылау жүргізудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Орал-Атырау республикалық трассасында облыстың көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп рейдтік іс-шарасын өткізілді. «Орал-Атырау», «Орал-Ақтөбе» бағытандағы тас жол бойында жүк көліктері жиі жүретіндіктен көлік жүргізушілерінің арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін азайту бұл күнгі шараның басты мақсаты.Үстіміздегі жылы 200-ден астам жүгенсіз жүк жөнелтушіге 1 млн,700 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Яғни ауыр салмақты жүк көліктері жолда жүру талаптарын бұзып отыр.Жолдағы қабылдау шарасы аясында тонналап тауар тиеген жүк көліктері түгел тексерілді. Оның үстіне олардың артқан жүктері мен тауарларының құжаты қатаң қадағаланды. Бұдан бөлек ауыр салмаққа есептелмеген жолдар ұзақ уақыт қызмет көрсете алмайды. Сондықтан да жүктің жалпы салмақ 40 тоннадан аспауы керек, Демек, бір дөңгелекке 10 тонна салмақ түсуі керек деген өзінің шектеуі бар. Соған орай енді заңсыздық жасаған жеке тұл­ғаларға 100 мың теңге, ал заңды тұлғаларға 2 жарым миллион теңгеге дейін айыппұл салынады екен. Қазір мемлекеттік мекеме сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмысты жандандырған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.