Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол апатынан бір адам қаза тапты

c 17:45, 21/02/2022 c 375

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан жолаушы қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы БҚО ПД қызметкерлері мәлімдеді. Оқиға 20 ақпан күні таңмен сағат шамамен 8:00-де Орал-Атырау жолының 207 шақырымында болды. «Жүргізуші «Тойота Альфард» автокөлігін басқара алмай, аударылып қалған. Жол апаты салдарынан екі адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жолаушы - 1986 жылы туған азамат алған жарақаттар салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптама тағайындалған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға жолдар жабылғаны туралы хабарлама жіберілген еді. Полицейлер осы жағдайға да байланысты сараптама жүргізіліп жатырғанын мәлімдеді.Осы айда трассалар бойында 7 жол көлік оқиғасы болған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.