Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Наурыз айының екінші сенбісі жерге орналастырушылардың кәсіби мерекесі

c 17:52, 13/03/2020 c 876

0:00 / 0:00

Қазақстанда наурыз айының екінші сенбісі күні  жерге орналастырушы, картография және геодезия саласы мамандарының кәсіби мерекесі атап өтіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Орал қаласы бойынша филиалында осы кәсіптің қыр-сырын меңгерген мамандар аз емес. Бүгінгі мереке сол кісілердің еңбегін елеп, бағасын көтеретін күн.  Жер - мемлекеттің ерекше қорғауындағы негізгі ұлттық байлық. Сондықтар бұл салада еңбек ететін мамандарға жүктелетін жауапкершілік жоғары. Бір ғана БҚО-ы жер кадастры бағыты бойынша 700 жуық қызметкер жұмыс істейді. Бүгінде аталмыш мекемемен бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры жобасы әзірлену сатысында. Ол бірнеше ақпараттық база мәліметтерін біріктіріп, мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне ықпал етеді. Еліміз цифрлық технологияларға бет бұрған заманда жер кадастры сияқты саланың да электронды форматқа ауысуы заңды. Жер кадастры бойынша мәліметтер неғұрлым дәл болу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары да сатып алынған. Сонымен қатар, жерге қатысты мәліметтер базасы GPS стансасының көмегімен жүзеге асырылып келеді. Өңіріміздің 12 ауданына GPS стансасын орнату көзделіп отыр. Әуеден түсірілген суреттер цифрлық форматтағы топографиялық карта мәліметтерін жылдам жаңартып отыруға көмектеседі. Қазіргі таңда қаламызды айтпағанда, Бөкей ордасы, Казталов пен Жәнібек аудандарында аталмыш станса орнатылды. Түсірілім барысында жердің географиялық координаттары бірден ескеріліп, жер бедерінің ерекшеліктері нақты жазылады. Олар спутник навигаторы, қашықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер сияқты цифрлық технологиялардың көмегімен жасақталуда. Сонымен қатар, бұл мекеме мемлекет тапсырысы бойынша аймақтағы топырақ құрамын зерттеп, дәл сонша мөлшердегі аумақтың электронды картасын әзірленуіне зор ықпалдасып келеді. 2018 жылы наурыз айының екінші сенбісі жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі деп белгіленген. Биыл үшінші рет атап өтіліп жатқан мереке қарсаңында өңір филиалы директорының орынбасары Бауыржан Каналиев әріптестерін кәсіби мейрамымен құттықтап, еңбектеріне толайым табыстар тіледі. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жер кадастры бойынша 37 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішіне жер аумағын, құрылымын, топырақ құрамын анықтау бойынша жұмыстар кіреді. Бұлардың қатарындағы төртеуі мемлекеттік қызметтер.

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.