0:00 / 0:00
Депутат Азат Перуашев жер қойнауын пайдаланушылармен келісім шартты сынға алды. Депутаттар “жер қойнауы” туралы Кодекске өзгеріс енгізу туралы заң жобасын талқылады. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Россия 24” телеарнасына берген сұқбатында өнімді бөлу туралы келісімде орын алып отырған жағдай есепке алынуы керек.
Депутаттар сарқылатын көмірсутек кен орындарын тиімді пайдалануды қолдауға, жер қойнауын пайдалану саласында пилоттық жобаны ерікті негізде жүргізуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукцион рәсімдерін өткізудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түзетулер енгізді. Депутаттар ұсынып отырған түзетулер жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдірмек.
Сондай-ақ мемлекет мүдделеріне нұқсан келтірместен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар сарқыла бастаған кен орындарының өмірін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартуға, 2045 жылға дейін көмірсутектердің өндіру көлемін 60-65 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, жаңадан 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Өкінішке жерасты байлығы халықтың несібесі екені ұмытылған. Wood Mackenzie халықаралық консалтингтік компанияның мәліметінше, Қазақстан Қашаған сияқты ірі мұнайгаз кенорнынан тек 2 пайыз ғана пайда көріп отыр. Қалғаны шетелдіктердің пайдасына кетіп жатыр. Үш жылда Шеврон шетелдік компаниясы 41 миллиард доллар табыс тапқан. Назарбаев елді билеп тұрған кезінде халыққа тиімсіз, жемқорлық жолмен жасалған мұндай келісім шарттар 30-40 жылға жасалып қойған.
Перуашевтің айтуынша, үкімет ақжолдықтардың осы мәселеге қатысты ұсыныстарының көбін қолдамаған. Кодекстен өнімді бөлу туралы келісім бөлімі алынып тасталып отыр. Алайда, ескі келісімді ешкім алып тастап жатқан жоқ. Ол келісім 2023-2041 жж дейін күшінде. Сондықтан бұл мәселе халық үшін жабық тақырып. СОндай -ақ халықаралық құқық бойыншс өнімді бөлу туралы келісімін ашық жариялауға болмайды.
Мәжілісмен Азат Перуашев егер халық үшін тиімсіз, әділ жасалмаған өнімді бөлу туралы келісім болса, бұл заңсыздық дейді.
Сондықтан Перуашев оның ашық жариялануын талап етті.