Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жер опырылып жүк көлігі түсіп кетті

c 17:58, 16/04/2021 c 433

0:00 / 0:00

Құрманғазы 198 мекенжайындағы көп қабатты үйдің алдында жол опырылып, жүк көлігі дөңгелегіне дейін жерге батып кетті. 15 сәуір күні кешқұрым апатты жағдайға тап болған көлік жүргізушісі кімнен көмек сұрарға білмей дал.Оқиға 15-сәуір күні кешкі алтыдан кейін болған. 4 тоннадан аса топырақ тиеп бара жатқан жүк көлігі алдындағы таксиге не жол бермек болғанда  жерге дөңгелегі кіріп кеткен. Төтеншеліктерге хабарласқан жүргізушіге құтқарушыларды таңға дейін күту қажеттігін ескерткен.Бұл көп қабатты үй осыдан екі жыл бұын МЖС аясында бой көтерген болатын. Оқиға орнына мердігер мекеме өкілдері келіп, жүк көлігі жүрген жолда жер асты құбырлары мен кәріз желісінің болуы себепті, әрі ауыр салмаққа шыдас бермеген жер опырылып кеткен дейді.Көп қабатты су жаңа үй алдына абаттандыру жұмыстары толықтай жүргізілмеген. Мердігер мекеме өкілдері оған қалалық әкімдік жауапты дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.