Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жер кімге беріледі?

c 15:19, 04/10/2019 c 605

0:00 / 0:00

Орал қаласының 72 мыңнан астам тұрғыны жер кезегінде тұр. Аталмыш кезек 2008 жылдан бері жылжымай келеді. Сала мамандары 10 жылдан астам жер телімдерінің берілмей келгендігінің бірнеше себебі бар деп отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарушы билік жер учаскілерін беру үшін инженерлік желілерді тартуы тиіс. Енді қай жерлерге инженерлік желілер тартылды деген заңды сұрақ туындайды.

Елімізде кәмелет жасқа толған әрбір азаматы жекеменшік үй салып алу үшін 10 соток жерді алуға құқылы. Алайда, осы тегін жер алу мәселесінде біраз өзгерістер еніп, енді азаматтар қоныстанатын жаңа аумаққа барлық инженерлік желілер тартылуы тиіс. Сол себепті, облыс орталығында жер беру мәселесі 2008 жылдан бері тоқтап тұр. Қазіргі таңда шаһарға қарасты Круглозерный кентінде барлық желілерді тарту үшін тиісті жұмыстарды қолға алған.

Қазіргі таңда жер кезегінде тұрған азаматтар тексеріліп жатыр. Соның нәтижесінде 403 адам дүние салғандығы анықталып, кезектен шығарылған. Оралдық жер қатынастар бөлімінің мамандары барлық тексеріс жұмыстарын жүргізу үшін цифрландыруға ден қойып, жұмыстарды сандық форматқа алмастырып жатырмыз,- дейді. Аталмыш жаңашылдық жалға берілетін жер телімдерін аукцион арқылы саудалауда кеңінен қолданылуда.

Жалпы 2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін Орал қаласында жер телімдерін жалға беретін 14 аукцион ұйымдастырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.