Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жер кезегі жылжымай тұр

c 17:24, 16/11/2018 c 1324

0:00 / 0:00

Елбасымыздың халыққа кезекті жолдауында жер қатынастары мәселесі бойынша қиындықтар барын атап өтті. Нақты айтатын болсақ жер беру кезінде,жерге қатысты барлық мәселе төңірегінде заңсыздықтың орын алмауына тапсырма берді. Яғни, билікпен тұрғындар арасына ашықтық керек. Осы орайда облысымыздың сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агентігі тұрғындармен жер мәселі тураснда кездесулер ұйымдастырып келеді. Сондай келелі кездесуге белгілі заңгер Бақытжан Жұмабекұлы арнайы келіп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Бақытжан Жұмабекұлының дерегіне сүйенсек республика бойынша 1 млн 200 мың адам жер кезегінде тұр. Тарқатсақ, Алматы Шымкент секілді халқы көп қалаларда 130 мыңнан астам адам кезекте болса, Атырау, Семей, Орал секілді қалаларда 30-65 мың аралығындағы адамдар жерге өз кезегін күтіп отыр. Бұл кезек 2004 жылы тоқтатылған. Айта кетсек, жер мәселелері жөніндегі белгілі сарапшы Бақытжан Базарбек Жұмабекұлы Қазақстан Республикасы бойынша жер мәселелеріне қатысты құқықтық тегін семинарлар өткізіп, халықтың жергілікті атқарушы органдарға деген сенімін арттыруға және құқықтық білім деңгейін көтеруде өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі жер мәселесі бойынша семинарға 130-дан астам қала тұрғыны қатысты. Семинар барысында тұрғындар жер саласына қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарына тегін заңгерлік кеңестер алды.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.