Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕР ДАУЫ

c 00:23, 29/01 c 47

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстандық шаруалар жергілікті шенеуніктердің тарапынан орын алған қате шешімдердің салдарынан мыңдаған гектар жерінен айырлғалы отыр. Елордаға мұңын шаға келген шаруалар бас прокуратурадан көмек сұрайды. Қазіргі уақытта 5 мың шаруа бұған дейін пайдаланып келген жерінен айырылғалы отыр. Олар 2011-2018 жылдары жергілікті әкімдік тарапынан ешқандай конкурссыз, аукционсыз берілген жерлерді енді қайтарып беруге мәжбүр. Ал бұл жерге шаруалар қыруар қаржы құйып, кәсібін өрбітіп отыр. Егер жер тартып алынса далада мал бағып, жан бағып отырған азаматтар үшін үлкен соққы болады дейді шаруалар.

Фермелердің айтуынша, жергілікті әкімдік өкілдері жерлеріңді қайтарып, қайта конкурсқа өтіп ала аласыңдар деп отырған көрінеді. Алайда, шаруалар ол конкурстың әділ өтетініне сенбейді. Ал кезінде қате шешімді қабылдаған лауазымды тұлғалар, прокуратура сот назарынан қалыс қалып отыр дейді. Сол кезде жерді оңды-солды тарату туралы шешім қабылдап, құжатқа қол қойғандардың бірі- қазіргі облыс әкімі Нариман Төреғалиев екен.

Алмасбек Садырбайдың айтуынша, бұл мәселе бойынша Жоғарғы соттың шешімі бар. Алайда халық мүддесіне қарсы шешімді Бас прокуратура немесе Жоғарғы соттың төрағасы ғана тоқтата алады. Шаруалар Батыс-Қазақстан облысының бұған дейінгі әкімдерінің біраз былықтарын жайып салды.

Фермерлер Парламент депутатарына да арыз-шағымдарын жеткізген екен. Егер жер дауына қатысты талап-арызымыз ескерілмесе Астанада митинг өткіземіз деп отыр.

Бүгінде елде пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы қарқынды жүріп жатқаны мәлім. Ендігі мемлекет меншігіне 10 млн гектар жайылым жерлер мен егін алқаптары қайтарылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.