Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ КЕЗЕГІНІҢ ТАЛАБЫ ӨЗГЕРДІ

c 09:46, 02/02/2023 c 92

0:00 / 0:00

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесиеге берілетін көлік кезегіне қатысты жаңа платформаны таныстырды. Өткен жылы жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге қаржы бөлінді. Бағдарларманың нақты іске асуы 2021 жылы мамыр айында басталды. Бүгінгі таңда былтыр бөлінген қаржыға 12 600-ден астам автокөлік сатылып, олардың орташа бағасы 7,8 млн болды. Енді кәсіпорын осы несиені алу үшін кезекке тұру әдісі өзергенін хабарлап отыр. Тек жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалады. Қаржыландыру сомасы - 10 миллион теңгеден аспайды. Несие астапқы жарнасыз 7 жылға беріледі. 1 автокөліктің құны - 15 миллион теңгеден аспауы керек.

Өткен жылы жеңілдетілген автонесиені алушылар ең алдымен автосалонға барып, көлік таңдап, содан кейән электронды кезекке тұрған болатын. Бүгінде мыңдаған адам былтырдан бері тұрған кезегін күтуде. Ал енді Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесиеге берілетін көлік кезегіне қатысты жаңа платформаны таныстырып отыр. Келесі аптадан бастап өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосыла алады.

Осы кезекке тұрғанна кейін ғана барып, көлік таңдап, банктен несие рәсімдей аласың. Ақпан айында 761 өтінім қабылданады. Себебі револьверлік қаржының көлемі 7,6 миллиард теңгені құрайды. Ал автокредиттің шекті сомасы – 10 миллион теңге. Келесі айдан бастап 100 өтінім қабылданады деп отыр қор басшылығы. Ал былтырдан бері электронды кезекте тұрғандардың мәселесі не болмақ? Олар осы тізімге автоматты түрде ене ала ма? Әди мырза бұл сұраққа мардымды жауап айтпады.

Осылайша бұған дейін 4 пайыздық автонесие алуға автосалонға барып кезекке тұрсаңыз, төлем түбіртегін алып қойған болсаңыз, тіпті банкте өтінімді жартылай рәсімдеп қойсаңыз бәрі бекер. Жаңа платформаға қайта тіркелуіңіз керек болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.