Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

c 09:04, 13/05/2023 c 128

0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаттарын Үкіметтің сыбайлас жемқорлықпен күресті қалай жүргізіп жатқаны алаңдатад. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының фракция депутаттары жемқорлық тек қана экономикамызға емес, жалпы қоғамға үлкен залал келтіруде дейді. Мәжілісмен Нұрлан Әуесбай үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында бірнеше өңірде орын алған жемқорлық фактілерін алға тартты. Депутаттар министрлер кабинетінен жыл сайын Парламент Мәжілісінің алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламалардың орындалуы туралы есеп беруді, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды азайту және жою жөніндегі жоспарларды ұсынуды талап етті. Ал бүгін Бас прокурор Берік Асылов Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында елге 760 млрд теңгені құрайтын активтер қайтарылды деді. Бұл активтер Лихтенштейн, Аустрия, Біріккен Араб Әмірліктерінен келіп жатыр деді прокурор.

Еліміздге сыйбайлас жемқорлықтың тамыры тереңге кеткен. Билік жемқорлықпен күрес жолдарын ұсынып, бағдарлама қабылдап, жемқорлыққа жол бермеудің тәсілдерін ұсынып, енгізіп жатса да бұл дерттен біздің қоғам айыға алмай отыр. Қазынадан бөлінген қыруар қаржы көздеген жеріне жетпей, жолда қолды болып, жымқырылып жатыр. Оның дәйегі- аулыға жетпеген ауыз су, сапасыз жол, құрылысы бітпеген немесе мүлдем салынбаған мектеп, ауруханалар.

Депутат, өңірлерде орын алған жемқорлық фактілерін де ұсынды.

Әуесбаевтың айтуынша, тізе берсек мұндай мысалдар жетіп жығылады. Мысалы, жыл соңында емханаларда тегін медициналық препараттардың жоқтығы мәлім болды. Барлығы есептелген, науқастар есептер тұрған, бірақ тегін дәрі жоқ. Оған бөлінген қаражат қайда кетіп жатыр?- деп ашуланды депутат. Жемқорлар халықтың ақшасына қол сұғып, миллиардтарды ұрлағаны үшін 6 жылға сотталады да, үш жылдан кейін мерзімінен бұрын босатылады. Ал журналистік қызметпен айналысатын адам 9 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұл қаншалықты әділетті жаза деген сұрағын алға тартты мәжілісмен. Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы фракциясының депутаттары үкімет басшысынан жыл сайын Парламент Мәжілісінің алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламалардың орындалуы туралы есеп беруді, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды азайту және жою жөніндегі жоспарларды ұсынуды талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.