Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жазғы киім үлгісіне көшті

c 17:44, 16/04/2019 c 1725

0:00 / 0:00

Бүгін облыстың тәртіп сақшылары  жаздық киім үлгісіне көшті. Жеңіс алаңына жиналған 800 ден астам полицейдің қатарында енді ғана темірдей тәртіпке қызметке келген жас мамандар да бар.  Шарада жеке құрам, яғни тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкілдер, учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары, аналитиктер мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері сап түзеп, саптық байқауға тұрғызылды. Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, шаш үлгісі, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды. Одан әрі саптық байқау жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Полиция қатарына жаңа қосылған 19 жас маман қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді.   БҚО Полиция департаментінің бастығының орынбасары Бағдар Абуов  полиция қызметкерлерінің қатарын толықтырған әскери қызметкерлерді ант қабылдауларымен құттықтап, оларға әскери қызметте сәттілік тіледі. Жазғы киімге ауысу рәсіміне арналған жиын қызметкерлердің шеруімен аяқталды

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.