Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жас медиа" жобасы Оралда

c 16:59, 11/10/2017 c 1012

0:00 / 0:00

Еліміздің алты өңірінде ұйымдастырылатын "Жас медиа" жобасы Ақжайық өлкесіне табан тіреді. Аталмыш республикандық шара жаңадан жас журналисттердің шеберлігін шыңдау мен болашақта тілші боламын деген жастарға бағыт-бағдар беруді көздейді. "Жас медиа" жобасы қыркүйек айынан бастау алып, желтоқсанға дейін жалғаспақ. Қатысушы жастардың барлығы ең бірінші шығарма жазып, іріктеу кезеңінен өткен соң, журналистика саласының майталмандарымен кездесіп, шеберлік сағаттарын алмақ. Өңірімізде жобаға ниет білдірген 50 қатысушының 30-ы екінші кезеңге жолдама алыпты. 4 күнге созылатын семинар-тренинг барысында жастар ораторлық өнердің, журналисттік зертеудің қыр- сырын меңгермек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.