Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жас ақындар айтысы

c 17:31, 08/12/2021 c 1612

0:00 / 0:00

Орал қаласында егемендіктің 30 жылдығына орай жас ақындар айтысы өтті. Аламан айтысқа 12 жас қатысты. Ақындар тәуелсіздік туралы толғады.

Облыс орталығында азаттықтың 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік-тұғырым" атты облыстық жас ақындар айтысы өтті. Бұл шара егемендіктің торқалы тойына орай ұйымдастырылды.

Сөз додасына 12 жас ақын қатысты. Олар қоғамды толғандырған түрлі тақырыптарды қозғап, тәуелсіздік туралы толғады.

Жастар мәдениет үйінде ұйымдастырылған сөз додасына ұлттық өнермен сусындауға келген көрермендердің саны әдеттегіден аз болды. Бірақ аламан айтыстарда топ жарып, бас жүлдені еншілеп, халықтың қошеметіне бөленген тәжірбиелі айтыскерлер де осы айтысты арнайы көруге келген.

Қиқу салған көрермен аз болса да жас ақындар барын салып, қарсыласының осал тұсын тауып, өзекті проблемалар турасында жырлап, тәжірбие жинақтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.