Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарықсыз қалды

c 17:27, 06/01/2020 c 465

0:00 / 0:00

Кеше таңнан бері Зачаганск ауданындағы 500 абонемент жарықсыз қалып, тек бүгін түс ауа тек электр желілері қалыпқа келтірілді. Салдарынан бірнеше әлеуметтік нысан жұмысына  түрлі деңгейдегі кедергілер келді. Мәселен, осы аудандағы 6 қалалық емхана тұрғындарды тек жарық түсе қабылдауды бастады.  Күніне 900 адамға медициналық көмек көрсететін қалалық №6 емхана бүгін жұмысты әдеттегіден кештеу бастады. Өйткені 5 қаңтардан бастап, Зачаганск ауданында жарық өшіп, 1000-нан аса адам электр жарығына зәру болды. Мәселен 6 қалалық емхана бүгін тұрғындарға толыққанды медициналық қызмет көрсетуге қауқарсыз болды. Өйткені апараттардың барлығы да электр жарығына тәуелді болғандықтан жұмыс жартылай ғана атқарылды.Оралдықтар бұл келеңсіздікке түсіністік танытуда. Ал электр жарығын қалыпқа келтіруші компания өкілдері  мереке  күндері мұндай мәселелердің болмағынан тілге тиек етті.   Шамамен кеше таңғы 8:45- те жер астындағы электр желілерінің  тұйықталуы салдарынан болған апатты қалыпқа келтіруге бірнеше топ жұмылдырылыпты. Түс ауа аталған мәселе толықтай жойылып, тұрғындарға жарық берілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.