Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарық бағасы қымбаттады

c 17:24, 11/09/2019 c 652

0:00 / 0:00

БҚО-да электр энергиясының тарифі 1 қыркүйектен бастап, 1 теңгеге қымбаттады. «Батысэнергоресурс» ЖШС өкілдері оның себебін кәсіпорынның қарызға батуымен байланыстарады. Естеріңізде болса, тариф құны үстіміздегі жылдың 1 -ші қаңтарынан бастап, Елбасының тапсырмасына сәйкес 1 теңгеге арзандаған еді. Тұтынушылар күзден бастап бір киловатт сағат үшін 11,5 теңге төлейтін болады. Бұл өткен жылдың соңына дейінгі қалыптасқан баға. "Батысэнергоресурстар" ЖШС мамандары 1 теңгеге төлем құнын өсіру осы уақытқа дейін қордаланған қарызды өтейтініне сенімді. Өйткені, коммуналдық мекеме басшылығы бұл қадамға амалсыздан барып отырмыз дейді. Айта кеткен жөн, жарық бағасы бюджеттік ұйымдар мен кәсіпкерлік субьектілері үшін өзгеріссіз қалды. Табиғи монополияларды реттеу басқармасының мамандары коммуналдық тарифтің қымбаттауы арнайы заңмен реттелетінін мәлімдеді. Естеріңізде болса осыдан бірер апта бұрын «Орал таза сервис» ЖШС өкілдері де тариф құннын қайта қару туралы ойларын ортаға салған еді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.