Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жанашыр бол!

c 16:12, 21/07/2020 c 464

0:00 / 0:00

Оралдағы №1 емхана базасында коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарға арналған оңалту орталығы ашылды. Жергілікті дәрігерлер арнайы бағдарлама дайындап, тыныс алу жаттығулары мен дұрыс тамақтану туралы тұрғындарға семинар-тренинг өткізеді.Оңалту орталығы жұмысын кеше бастады. Мұнда инфекционист, терапевт, массаж жасаушы, психолог сынды бірқатар мамандар жұмыс жасайды. Күніне 10 науқасқа дейін оңалту шараларын жасуға қауқарлы медициналық мекеме №1 қалалық емхана жанынан ашылған. Індеттен айығып шыққан тұрғындардың ағзаларын толықтай қалыпқа келтіруге арналған орталықта келушілер күніне екі сағат көлемінде физикалық жаттығулар жасап, мамандар кеңесін алады.)
Қазір мұндай оңалту орталықтары еліміздің көптеген аймақтарында ашылуда. Дегенмен бұл орын Оралда алғашқылардың бірі болып жұмысын бастады. Қалалық емхана жанынан құрылған медициналық мекеме облыс тұрғындарының барлығын қабылдауға дайын. Айта кету қажет мұнда тек аурудың жеңіл және орташа түрінен ауырып айығып шыққандар қабылданады. Ал үйде ем алған немесе симптомсыз жазылып шыққан науқастар ақылы түрде қызмет ала алады.20 -сы шілде күнгі мәлімет бойынша ел аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1499 адам тіркелді, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында - 95. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 71 838 адам анықталды. Олардың ішінде БҚО-да 4742 адам.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.