Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭНЕРГИЯ КӨЗІ ҚАЖЕТ

c 15:32, 26/02 c 31

0:00 / 0:00

Энергетиктердің айтуынша, елімізде 2035 жылға қарай энергетикалық тапшылық туындауы мүмкін. Отандық ғалымдар энергия өндірудің жалғыз көзі атом энергиясы екендігін біраз уақыттан бері айтып келеді. Мамандар осы жылдың аяғында электр энергия¬сын тұтыну оны өндіруден 1,6 млрд кВт сағ асып, келешекте де бұл көрсет¬кіш сақталады, деп отыр. Сенатта өткен парламенттік комиссияның отырысында жаңартылған энергия көзін тарту мәселесі талқыланды. Энергетика министрдің айтуынша, әлемде жер көлемі бойынша 9-орын алатын Қазақстанның жаңартылған энергия көздерін дамыту бойынша айтарлықтай әлеуеті баршылық. Бас энергетик елімізде жел, күн және гидроэнергетиканы дамытудың, заманауи технологияны енгізудің және орнықты дамудың жоғары потенциал бар деп отыр. Таяу уақытта республикада жел генерациясын дамыту бойынша әлемде көшбасшы ел боламыз деп сендіреді.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Желден энергия тартатын нысандар бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бүкіл Қазақстан бойынша жел станцияларын салуға болады. Қазақстандағы климат жел электр станцияларын салуға қолайлы. Жылдамдығы 5 м/с-тан асатын жел дәліздерінің болуы жел турбиналарын салуға ыңғайлы. Қазірдің өзінде Ақмола, Каспий өңірі, оңтүстік, сондай-ақ оңтүстік-шығыста орналасқан Шелек дәлізі мен Жоңғар қақпасы жел энергиясының ең жоғары әлеуетіне ие»

Жел энергеиясын тарту қарқынды жүргізілсе, тарифтердің өсуіне барынша аз әсер етіп, түпкі тұтынушыға салмақ түсірмейді деп отыр. Сондай-ақ, үкімет қазір АЭС салу жұмысына дайындық жүргізіп жатыр. бірақ елде АЭС салу, саламуын халық шешетін болды. Ол үшін жалпыұлттық рефрендум өтетінін білесіздер. Энергетика министрлігі өңірлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын бастап та кеткен.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ Біз бүкіл жұмыста референдумға дайындыққа бағыттап отырмыз. Аймақтарға шығып халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз онда Атом электр станциясын салу туралы айтып жатқан жоқпыз.Біз атом өнеркәсібін дамыту, таза энергия көзін тарту, уранды қайта өңдеу, ғылымды дамыту, осы салада қызмет көрсететін орта және шағын бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарымен қамту туралы айтып жатырмыз»

Ал АЭС салу, салмау мәселесіне қатысты өтетін референдумда нақты қандай сұрақтар болатынын Орталық сайлау комиссиясы Президенттің тиісті Жарлығынан соң белгілейді. Ол жерде АЭС салуға келісесіз бе? Ядролық реакторды қай ел салғанын қалайсыз деген сұрақтар болуы мүмкін. Бірақ ол әлі белгісіз. Әзірге референдумның нақты өтетін күні де беймәлім. Мамандардың айтуынша, энергетикалық тапшылыққа жол бермеу үшін АЭС құрылысы басталса, оны салуға кем дегенде 5 жылдан 8 жылға дейін уақыт кетеді. Өздеріңізге мәлім, ядролық реакторды салуға Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.