Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңарған заңнама

c 18:02, 25/01/2019 c 467

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өз күшіне енген заң жобасы бұрынғы заңнамаға қарағанда жаңашылдықтарға толы. Жаңашылдықтарды түсіндіру үшін Ақжайық өлкесіне келген қаржы министрінің орынбасары бұл жаңарған заңнама мемлекеттік сатып алу ісінде орын алған олқылықтарды шешуге бағытталғандығын атап өтті. Жаңа талаптарға сәйкес, мекемелер мемлекеттік сатып алу барысында 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарлардың бағасын көрсетіп бұдан өзге, сатып алғысы келетін тауардың қандай болатынын, оның қай фирманың тауары мен өндірушіні де көрсете алатын мүмкіндікке ие болды. Бұл өз кезегінде сапалы қызметке жол ашады. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алудың уақыты 3 есеге дейін уақыты қысқарыпты.

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу барысында конкурсқа қатысқан фирмалардың салық төлеуіне де басты назар аударылмақ. Сондай-ақ, міндетті түрде мердігердің қаржылық жағдайы да тексерілетін болады. Бұған дейін, мемлекеттік сатып алу ісінде үшінші тұлғалардың арыз-шағымы атқарылатын жұмысты тоқтатқандығы да жасырын емес. Осы олқылықтарды сараптай келе, қабылданған заңнама талаптарында мемлекеттік сатып алу ісіне алдын ала талқылауға қатыспаған жандардың арыздары қабылданбайды. Сондай-ақ, мемлекеттік квазисектордағы барлық сатып алу электронды форматта жүзеге асады.

Сала мамандарының сөзінше, өзгеріске ұшыраған заң талаптары мемлекеттік сатып алу барысында кәсіби біліктілігі төмен қатысушылардан ада қылып, сапалы өнімді алуға жол ашпақ. Сондай-ақ, республика, облыс пен аудан көлемінде орталықтандырылған сатып алу органдары да құрылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.