Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа жүйе

c 17:43, 08/08/2019 c 996

0:00 / 0:00

Биыл жаңартылған жүйеге жергілікті өңір мектептері түгел көшеді. Бұл туралы бүгін облыстық "Шығармашылыққа шектеу жоқ» деп аталатын педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінде айтылды. Шара бас шаһардағы №50 қалалық мекетепте өткізілді. Жиын мақсаты мұғалімдерді жаңа оқу жылының қарсаңында жүздестіріп, өзара тәжрибе алмастыру. Оны облыстық білім беру басқармасы ұйымдастырса, шараға өңірдің әр мектебінен бірнеше маман шақырылған.Педагогикалық инновациялар жәрмеңкесіде 320 мұғалім бас қосты. Олар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша оқу жылында еңгізілетін өзгерістерге дайындықтарын тағы бір мәрте пысықтады. Мәселен 2019-2020 оқу жылында мектептің барлық сыныптары аталмыш жүйе бойынша білім алмақ. Яғни, оқушылар жаңа пәндермен танысады. Олар алғашқы әскерге дайындық сабағының жартылған түрі кәсіпкерлік саласы бойынша бірқатар таңдау пәндері сондай -ақ робототехника бойынша курстар. Жәрмеңке барысында жаңашыл педагогтар бірнеше топқа бөлініп жұмыс жасады. Яғни шеберлік сағатында жоғары сыныптардың мұғалімдері қияға қанат қаққалы отырған өрендердің 11 жыл бойы қалыптасқан бейіміне байланысты мамандықты дұрыс таңдауына себеп болатын бірнеше жәйтті атап өтсе, бастауыш сынып оқытушылары білім ошағын енді ғана аттаған оқушылардың оқуға деген ынта жігерлерін ояту мақсатында қолдануға болатын бірнеше тиімді тәсілдерді көрсетті. Жәрмеңкеге қатысушылар оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін қолданып, тәжірибелерімен бөлісіп, өз саласының шеберлерінен көкейтесті сауалдарына жауап ала отырып, қоржындарын толықтырды. Секция жұмысында жаңа оқу жылында білім берудің басым бағыттары мен міндеттері белгіленіп, ұсынымдар қабылданады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.