Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢА ОБЛЫСТАРҒА 12 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАЖЕТ

c 09:05, 14/06/2022 c 492

0:00 / 0:00

Жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарының әкімшілік ғимараттарын салуға, сатып алуға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге 12 млрд теңге қажет. Бұл жайында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров журналистермен өткен баспасөз маслихатында айтты. Өздеріңізге мәлім, Семей қаласы Абай облысының орталығы болып, Нұрлан Ұранхаев әкім болып тағайындалды. Ал орталығы Жезқазған қаласында орналасқан Ұлытау облысын Берік Әбдіғали тізгіндеді. Қонаев қаласына облыс орталығы мәртебесін беріліп, Жетісу облысы пайда болды. Жетісу өңірін Бейбіт Исабаев басқаратын болды. Ал Алматы облысының әкімі лауазымнан Қанат Бозымбаев босатылып, оның орнына Марат Сұлтанғазиев әкім болды. Осылайша елімізде 17 облыс орталығы бар.

Жаңа Қазақстанда үш бірдей жаңа облыс пайда болды. Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан өңірлері екіге бөлінді. Семей қаласы Абай облысының орталығы болып, өңірді Нұрлан Ұранхаев басқаратын болды. Ал орталығы Жезқазған қаласында орналасқан Ұлытау облысын бүгінге дейін мәжіліс депутаты болып келген Берік Әбдіғали тізгіндеді. Қонаев қаласына облыс орталығы мәртебесі беріліп, Жетісу облысы пайда болды. Жетісу өңірін Бейбіт Исабаев басқарып отыр. Исабаев да сенат депутаты болған еді. Енді жаңадан құрылған үш облысты дамыту мәселесі тұр. Ұлттық экономика министрінің мәліметінше, ауданы 493 мың шаршы км болатын Абай, Жетісу, Ұлытау жаңа облыстарында шамамен 1,5 млн адам тұрады. Аталған облыс орталықтарының инфрақұрылымы нашар дейді министр.

Жаңа өңірлерді дамыту үшін қазынаға салмақ түсетіні сөзсіз. Себебі, енді құрылған облыстардың бюджеті де қалыптаспаған. Бас экономистің айтуынша, облыс орталықтарында әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жөндеуге және жалға алуға бюджеттен 12 млрд теңгеге жуық қаражат керек. Қаржы республикалық бюджеттен тартылуы мүмкін.

Әзірге әкімдіктер облыс орталықтарындағы қолда бар ғимараттарда жұмысын бастай бермек. Ал екіге бөлінген Аматы облысын бұған дейін басқарып келген Қанат Бозымбаев басқа қызметке ауысуына байланысты әкімдіктен кетті. Оның орнына Марат Сұлтанғазиев әкім болып тағайындалды. Ал Қарағанды облысын сол баяғы Жеңіс Қасымбек басқарып қалды. Өңірдің бір бөлігін Абай облысына берген Шығыс Қазақстан облысының әкімі 70 жасар Даниал Ахметов те жылы орнын сақтап қалды. Ал бұған дейін Ахметов зейнеткерлікке шығады деген алып-қашпа әңгіме тараған болатын. Айтпақшы, сенбі күні елімізде жаңа министрлік пайда болды. Бұрынғы БҒМ екіге бөлініп, Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі болып тағайындалса, Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болды. Саясат Нұрбек те мәжіліс депутаты болған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.