Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа міндет

c 17:46, 04/03/2019 c 487

0:00 / 0:00

27-ші ақпан күні Астана қаласында "Нұр Отан" партиясының 20 жылдық мерей тойына орай 18-ші съезді өткен еді. Елбасы партия өкілдеріне жаңадан мақсат пен міндетті жүктеп, 10 жылдағы 10 мақсатынын жеткізген болатын. Азаматтардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін қыруар қаржы бөлініп, тапсырма да жүктеді. 1-шілдеден бастап бюджеттік салада қызмет жасайтын мамандардың жалақысы 30 пайызға көбейіп, әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған отбасыларға көмек көрсетілмек.

Елбасы "Нұр Отан" партиясының 18-ші съездінде он жылға арналған он жаңа міндетті жүктеген еді. Президент жүктеген міндеттердің қатарында әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмектесу. Бүгінгі таңда әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған жандар 2019 жылдың бірінші шілдесінен бастап атаулы әлеуметтік көмек алмақ.

Елбасы тапсырмасында қолжетімді баспана мәселесіне басты назар аударған еді. Әлеуметтік тұрмысы аз қамтылған отбасылар тұрғын үй жинақ банкі арқылы төмен пайызбен баспаналы болмақ. Игі шара облыс көлемінде өз жалғасын табады.

Жиында сөз алған көп балалы ана елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, жиында сөз алған педагог, медицина қызметкерлері, құрылысшылар мен жастар өкілдері атқарылатын жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Ұстаздар қауымы үшін биыл мұғалімнің мәртебесіне туралы заң жобасы қабылданады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.