Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа көліктің таныстырылымы өтті

c 16:26, 29/10/2018 c 627

0:00 / 0:00

Облыс орталығында ең соңғы бесінші үлгідегі субари форестердің презентациясы болып өтті. Жаңа көлік сенімді әрі қолайлы болып, әрбір жүргізушінің көңілінен шыға білгендей. Салтанатты шара барысында қала тұрғындары Жапон темір тұлпарының қуаты мен оның жаңарған түрін сынап көретін мүмкіндікке ие болды.

Орал қаласында жапондық жаңа "Субару" көлігінің ресми түрде таныстырымы өтті. Салтанатты шара бірден көлік полигонында ұйымдастырылған болатын. Жапондық темір тұлпар "Субарудың" бесінші жаңартылған модель болып табылады. Су жаңа көлікті батыс қазақстандықтарға «zhayikmotors» компаниясы ұсынып отыр.

"Субару" көліктері 1997 жылдан бастап жарыққа шығып, жүргізушілердің көңілінен шыққан Жапондық темір тұлпардың бірі. Онымен қала ішінде қатынау өте ыңғайлы. Моделі жаңарған көлік жол талғамайды. Субару Форестердің бесінші моделі түрлі соқпаққа төтеп беретін мүмкіндікке ие. Соңғы үлгідегі темір тұлпар жаңар-жағармайды үнемдейтінімен де ерекшеленеді.

Көліктің салонында бірқатар өзгерістер орын алған. темір тұлпардың орындықтары озық технологиялардың арқасында ыңғайлы, сол себепті жүргізушілердің көңілінен шығып отыр.
Батыс Қазақстан облысында ұйымдастырылған субарудың жаңа таныстырылымында темір тұлпарды тізгіндеп көру мүмкіндігі болды. Ұйымдастырушылар арнайы тест драйв ұйымдастырды. Жүргізушілер жаңа ай сайд бағдарламасын сынап көруге мүмкіндік алды. Бұл бағдарлама шұғыл түрде тежегішті басып, жолақ ауысқан кезде хабарламап отырады. Ал, ЭС Ар Ви Ди жүйесі артқа келе жатырған көліктер туралы хабарлайды.

Жаңа темір тұлпарды тест драйв арқылы сынап көрген азаматтардың елуі автокөлікті сатып алу үшін арнайы сертификатқа ие болды.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.