Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢА ҚАЛА БОЙ КӨТЕРЕДІ

c 14:25, 04/12/2023 c 84

0:00 / 0:00

Жаңа қала Алматы қаласының солтүстігінде орналаспақ. Ол Алматы мен Қонаев қалаларының ортасында 80 шақырымдық тас жолының бойында бой көтереді. Әкімнің айтуынша, G4 City қаласында төрт аудан болады. Қараша айында үкіметтің қаулысымен Алматы облысында құрылып жатқан G4 City арнайы экономикалық аймағының атауын Alatau деп өзгерту туралы шешім шықты. Жаңа қаланы жобалауға сингапурлық компания тартылып отыр. Қала болашақта отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтитын болады. Сондай-ақ, өңірге келетін қазақстандық және шетелдік азаматтар үшін заманауи жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік, медициналық, білім беру, мәдени-демалыс инфрақұрылымын жедел дамытып, Алматы облысында қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастырамыз деп отыр әкім. Жаңа қалаға 88 мың гектар жер бөлінді. 2050 жылға дейін қала халқының саны 2 миллионды құрамақ. 1 млн адам жұмыспен қамтылмақ.

Ал Алматы облысында ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен қанша жер мемлекетке қайтарылды? Мәселе экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарына, қыздарына қатысты жер төңірегінде болып отыр. Депутаттар марқұм Болат Назарбаевқа осы өңірде мыңдаған гектар жер тиесілі деген болатын. Оның қаншасы ел игілігіне қайтарылды? Әкім Сұлтанғазиев 300-ге жуық шаруашылықтан жерді қайтардық дейді. Бірақ ол атын атап, түсін түстеп бере алмады.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен кешеуілдеп жеткен мәліметке сүйенсек, Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы жалпы ауданы 1485 га және Қаскелең қаласындағы ауданы 36,7 га «Барыс» көлік базарының жер учаскелері сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды. Жамбыл ауданындағы ауданы 131,9 га болатын «Көкбастау» ипподромын қайтару бойынша сотқа талап арыз жолдау үшін Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті тиісті жұмыстарды жүргізуде. Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров Болат Назарбаевтың меншігінде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Астана қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимараттары барын айтқанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.