Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа бағыт

c 16:42, 30/10/2020 c 704

0:00 / 0:00

Қалтаны қақпайтын әуе билеттерімен танымал "FlyArystan" компаниясы Орал мен Ақтау қаласын жалғайтын жаңа бағыттағы рейсін ашты. Ұшақ Ақтауға бір сағат, он минутта қонады. Билеттің құны 6999 теңге. Бағасы қол жетімді билетке ие болу үшін сапарды алдын ала жоспарлап, ертерек билет сатып алу қажет.

Қазақстандағы алғашқы лоукостер батыс өңіріндегі қалаларды жалғайтын жаңа бағытты ашты. 27-ші қазаннан бастап Ақтау мен Оралға, Оралдан Маңғыстауға дейін аптасына үш рет қатынауға болады.

Қазақстандық лоукостердің бағасы неге арзан деген сұрақ туындайтыны жасырын емес. Мамандар билет бағасының төмендігін былай түсіндіреді.

Сала мамандары сапарды ертерек жоспарлау керектігін еске салады. Қазіргі таңда "FlyArystan" компаниясының сайтында келер жылдың 26-шы наурызына дейінгі билеттер сатылып жатыр.

Қос қаланы жалғайтын әуе кемесі туралы кеңінен тоқталайық. Ұшақ 180 орындық. Ақтау мен Оралға, Ақтаудан Оралға Айрбус А320 ұшағы ұшады. Сала мамандарының сөзіне сенсек, бұл ұшақтар жеті жылдай жолаушыларды тасымалдапты. Әуе кемесін білікті ұшқыштар басқарады. Олар үнемі білімдерін шыңдап, тәжірбиелерін арттырып келеді.

Оралдан Ақтауға ұшатын әуе кемесінің жолаушылары барлық санитарлық талапты орындап, рейстің көңілдерінен шыққандығын айтады.

"FlyArystan" 2019 жылдың 1 мамырында Қазақстанның қалаларына қатынай бастады. Қазіргі таңда әуе компаниясы 13 қалаға рейс ашып отыр. Бұл бағытта Қазақстан ішінде 7 ұшақ

қатынайды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.