Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалпы білім бойынша сынақ

c 17:01, 26/04/2021 c 532

0:00 / 0:00

Орал қаласында республикалық олимпиада өтуде. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ұйымдастырылатын сайыс 30-сәуірде өз мәресіне жетпек. Биыл пандемияға байланысты білім додасы облыс орталығында өтуде.

Облыс орталығында оқушылар арасында жалпы білім беретін мектеп пәндері бойынша республикалық олимпиада басталды. Аталмыш шара пандемияға байланысты, Орал қаласындағы "Юстадэй" орталығында өтіп жатыр.

Олимпиаданың облыстық кезеңінен топ жарып, еліміздің білімді оқушыларымен білім бәйгесінде жарысып, алған білімдерін тәжірбие жүзінде сынайтын оқушылар бейнебақылау құрылғысы бар компьютерде отырып тапсырмаларды орындауы шарт. Жарыстың өзі қоғамдық-гуманитарлық пәндер мен жаратылыстану бағыты бойынша өтеді.

Республикалық олимпиада 30-сәуірде аяқталады. Білім бәйгесінде топ жарған оқушылар 1,2,3 -орын мен министрліктің медаліне ие болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.