Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЛҒАН ДИПЛОМ САТҚАНДАР МЕН САТЫП АЛҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ

c 23:52, 14/02 c 42

0:00 / 0:00

Жоғары оқу орындарының дипломдары сатылып жатыр, студенттеріне қатысты дербес деректер көпшілікке жария болды. Еліміздегі айтулы университтерге қатысты шулы мәселелер тыйылар емес. Бұған дейін Мәжіліс депутат Ислам Сұңқар Президент жанындағы мемлекеттік академия, Еуразия Ұлттық Университеті, ҚазАТУ, Ұлттық өнер университеті, технология және бизнес университеттерінің дипломдары ғаламторда емін-еркін сатылып жатыр деп мәселе көтерген еді. Депутаттың мәліметінде өткен жылы елімізде жоғарғы оқу орнындарының 457 жалған дипломы анықталғаны айтылды. Дипломдардың құны да әртүрлі. Ең арзаны 300 мың теңгеден басталып, миллионға дейін жетеді. Тіпті дипломның көкі де, қызылы да бар. Жалған құжатты жарнамалап отырғандар осы нарықта бірнеше жыл жұмыс істеп жатқандарын жасырмай жазады. Осылайша жалған дипломды сатып алған дәрігерге емделіп, мұғалімнен тәлім алып жатқан жайымыз бар.

2022 жылы жалған құжат жасады деген айыппен Қазақстанда 70 адам сотталған. Ал 2198 қылмыстық құқық бұзылған. Сол жылы жалған құжат жасағандар саны Алматы мен Алматы облысында көп болған. Үшінші орында - Астана қаласы тұр. Жоғары білім министрі жалған дипломдарды анықтау жұмысы жүріп жатқанын айтады. Арнайы платформада 1991 жылдан бастап берілген бүкіл дипломды енгізген. 2018 жылдан осы уақыт аралығында 3,5 млн диплом базада бар. Енді кез келген жұмыс беруші арнайы цифрлық қызмет арқылы тексере алады. Әр дипломның жеке нөмірі мен QR-коды бекітіледі. Бұл тұрғыда жалған дипломды анықтау мүмкін болады, - дейді министр. Ал ҚазҰУ-інің студент қыздарының медициналық негіздегі дербес мәліметтерінің әлеуметтік желіде тарап кеткені үшін тек әкімшілік жауапкершілік ғана қарастырылған.

САЯСАТ НҰРБЕК – ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ «Бұл жерде тікелей заң бұзушылық болғандықтан мәселе бақылауға алынды. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жаупақа тартылады. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Дербес деректерге немқұрайлы қараған. Мойындау керек, бұл мәселені заңмен қатаңырақ реттеу керек. Университетте мұндай фактілердің бар екені қынжылтады. Дербес деректер өте құпия ақпарат болып табылатыны туралы қатаң заңнамалық талап болмайынша, мәдениет өзгермейді»

Еске салайық, тізім туралы ақпарат телеграмм арналарының бірінде тарады. WhatsApp желісіндегі 190 адамнан тұратын старосталар тобында студент қыздардың тізімі бар 4 құжат жіберілген. Қызыл түспен белгіленгендер флюорографиядан өтуі керек екен. Онда қыздардың толық аты-жөнінен басқа, олардың ЖСН, ұялы телефондары және медициналық деректері болған. Сондай-ақ, қыздардың қайсы гинекологиялық тілмен айтқанда - пәк, қайсы пәк емес екені туралы да ақпарат тараған. Аталған жоғары оқу орнында ішкі тексеріс жүргізілген. Одан әрі прокуратурға жолданған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.