Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалақы дауы

c 18:09, 03/02/2021 c 600

0:00 / 0:00

Бұл кадрлардан ауыр техниканың көмегінсіз темір-терсекті көтеріп жүрген жұмысшыларды анық көруге болады. Бейнежазбадағы сөздерге сенсек, "Аяла" компаниясы қажетті техникаларды жалдаудан ақша үнемдеп, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Ең сорақысы- атқарылған жұмыстың еңбек ақысын төлемеген. Бұған ашынған жұмысшылар жиналып, наразылық танытты. Олар Тасқала ауданындағы Ақтау ауылында мектепті күрделі жөндеуден жүргізген екен. Жобаланған жұмыстар сәтті аяқталып, ғимарат қолданысқа қабылданған болатын. Проблеманың барлығы жобада жоқ қосымша жұмыстарды жасатқызудан басталыпты.
Жұмысшылардың айтуынша, екі тарап арасында келісімшарт бар. Компания басшылығы қосымша жұмыстар үшін қаражат бөлінді, жұмысқа кірісе беріңдер деп сендірген. Ақтау ауылындағы 160 оқушыға арналған аталмыш білім ошағын жаңғыртуға 180 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталып, қазанда аяқталыпты. Адал жұмыс атқарып, еңбектерінің өтеуін ала алмай жүрген жұмысшыларға компания басшылығы жалпы сомасы 5 млн. теңгеден астам қаражат қарыз екен.
Осы мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін "Аяла" компаниясының кеңсесіне аяқтай бардық. Есігі құлыптаулы. Тіпті, компания атауы жазылған тақтайшаларды жұлып тастапты. Ал сол жердегі қызметкерлер бізді көре сала қаша жөнелді. Басшысына хабарласып көрдік. Бірақ телефонын көтермеді. Жұмысшылардың айтуынша, қазір басшылық хабарламаға жауап бермей, қашқақтап жүрген көрінеді. Тағаты таусылған жұмысшылар арыз жазуға бекініп, алдымен облыстық прокуратураға жүгінді. Кейін мемлекеттік еңбек қатынастары басқармасына шағымдарын жеткізіп, кеңес алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.