Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайықтың жағдайы

c 18:12, 26/07/2019 c 865

0:00 / 0:00

Орал қаласында дәстүрлі "Жайық күні" аясында су айдынының мәселелерін талқылайтын арнайы семинар өтті. Сала мамандары қос елге ортақ өзеннің келешектегі тағдырына алаңдап, дабыл қағуда. Жыл санап Жайықтың суы азайып бара жатыр. Соның салдарынан табиғаттың экожүйесі зардап шегіп отыр.

Көптеген ақын өлеңге қосқан, тарихы тереңнен құралған Жайықтың бүгінгі күйі барлық дерлік қазақстандықтарды толғандырып отыр. Жыл санап аталмыш өзеннің суы азайып бара жатыр. Бұл, өз кезегінде табиғи экожүйесінің бұзылуына алып келеді. Қазіргі таңда облыс халқының 80 пайызы осы Жайықтың суымен күн көріп, ауыз су ретінде тұтынып, кәсібін дөңгелентіп отыр. Өзеннің жағдайына алаңдаған жандар дәстүрлі түрде Орал қаласында ұйымдастырылатын семинарда бас қосты.

Қос елге ортақ Жайықтың мәселесін бірлесе шешу мәселесі 2016 жылдан басталды. Сол кезде екі елдің жанашырлары бірге комиссия құрып, бірлесіп жұмыс жасаудың бағдарламасын жасақтауға келіскенді. Десек те, бірлескен жұмыс баяу дамуда. Екі жылдан бері аталмыш кеңес бір -ақ рет кездесіп, трансшекаралық өзеннің жағдайын талқылапты. Жиында сөз алған экологияға жауапты министрліктің жауапты хатшысы өзеннің ақуалын баяндап, жіпке тізді. Сала мамандары Жайықты республикалық маңызы бар өзендерінің қатарына қоспақшы.

Семинарға қос елге ортақ өзеннің келешектегі тағдырын талқылап, тиісті механизмдерді орындау үшін арнайы келген Орынбор облысы губеранторының орынбасары көрші елде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ресейлік тарап өткен жылы Жайықтың жағдайын жақсарту үшін 430 млн рубль қаражатқа тазарту жұмыстарын атқарған.

Оралда ұйымдастырылып жатқан семинар барысында қос тараптың депуттатары комиссиясының жұмысына тоқталды. Олар қос тарап ақпаратпен жылдам алмасу үшін арнайы цифрлық жүйе болуы керектігін атап өтті. Жайықтың жағдайын жақсарту үшін қос облыстың басшылары бірге жұмыс жасау туралы меморандумға қойды. Жайықтың мәселесі биыл қазан айында Атырау қаласында тағы бір мәрте талқыланбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.