Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ 5 ЖЫЛҒА ҒАНА ТОҚТАТЫЛАДЫ

c 16:49, 02/09/2022 c 1394

0:00 / 0:00

Әйелдердің зейнеткерлікке 61 жастан шығу үрдісі 5 жылға ғана тоқталады. Еске сала кетейік, Президент Жолдауында әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде ұстап тұруға тапсырма бергенді. Бүгін еңбек министрлігі әйелдердің зейнетке шығуына қатысты бастамаға түсініктеме берді. 2028 жылдан соң әйелдердің зейнет жасын біртіндеп көтеру жұмысы жалғасады деп отыр министрлік.

Өздеріңізге мәлім әйелдердің, кеншілердің зейнет жасын 58 жасқа қысқарту туралы қоғамның талабы болған еді. Әйелдер қауым бірнеше рет үкімет алдына келіп, наразылық шеруні өткізіп, шенеуніктерге осы талапты қойған болатын. Тіпті өткен аптада еліміздің бірнеше аймағында қазақстандық әйелдер қоғамдастығы бейбіт шеруге шығып, зейнте жасын қысқарту туралы талаптарын тағы қайталады. Күні кешегі Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде ұстап тұруға тапсырма берді. Алайда, шахтерлардың зейнет жасына қатысты өзгеріс жоқ әзірге.

Еңбек министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы 61 жас деңгейін қысқартылады. Алайда бұл науқан 5 жылдан соң аяқталады. Министрлік шара коронавирус пандемиясы азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсерін ескере отырып уақытша осындай шешім қабылдағанын хабарлайды. Ал 2028 жылдан соң әйелдердің зейнет жасын біртіндеп көтеру жұмысы жалғасады.

Жолдауда зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары да ұсынылды. Әлеуметтік кодекс жобасы аясында ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін базалық зейнетақының мөлшері мен шекті кірістің ұлғаюы қамтамасыз етіледі. Осылайша 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы орта есеппен 27 пайызға ұлғаяды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.