0:00 / 0:00
Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін арнайы Жарлыққа қол қойдым деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына арнаған үндеуінде. Елде өткен саяси науқаннан соң, мемлекет басшысы референдум қабылданды, енді жаңартылған Конституциямен биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз деді. Қазақстанды саяси жаңғыру, ұлттық экономиканы дамыту, ұлттық кәсіпкерлікті нығайту күтіп тұр. Президент ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізетінін айтты.
Өткен жексенбіде қазақстандықтрадың басым көпшілігі Конституцияның 33 бабына енгізілетін 56 түзетуді жақтап дауыс берді. Енді жаңартылған Ата заңның негізінде барлық саланы реформалап, құқықтық мемлекет құрып, заңсыздыққа жол бермеу мәселесі тұр. Мемлекет басшысы референдумнан соң, қазақстандықтарға үндеу жолдап, қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоятынын. Кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейту керектігін айтты. Ел экономкиасын дамытып, ауыл шаруашылығы мен қуатты көлік-логистика жүйесін жаңғыртып, барлық салада цифрлық экожүйе қалыптастыру үшін шаралар қабылдау қажет деді. Ең бастысы мемлекеттік аппараттың жұмыс бағытын өзгертіп, халыққа бетбұрыс жасау. Белшеден батқан жемқорлықтан арылту жұмысы тұр. Енді мемлекетттік қызметке келгендер жеке басының қамы үшін емес, халықтың жайы үшін тер төгіп жұмыс істейтін болады деген үміт бар.
Конституцияға енгізілген түзетулер сасяи реформаларды жүзеге асырып, бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Әсіресе құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс деді Президент. Сондай-ақ, бизнесті қолдау да басты мақсат.
Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың күшін жойып,экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет деді. Сондай-ақ, елден заңсыз шығарлыған капиталды қайтарып, заңсыз жекенің қолына кеткен активтерді де мемлекет иелігіне беру қолға алынатын болады. Президент осы жұмысты тындыратын арнайы комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Тоқаевтың айтуынша, жаңа Қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін талап етуде, сондықтан бұл мәселелер бойынша нақты шешімдерді қыркүйек айында өтетін парламенттің кезекті сессиясының ашылуында айтамын деді ол. Айтпақшы мемлекет басышысы «ақсақалдар алқасын» қайта жаңғыртпақ. Ол үшін Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтерді. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады. Тоқаев құрылтайдың алғашқы отырысын ұлт ұясы – Ұлытауда өткізуді жоспарлап отыр.