Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗАҢ ЖУРНАЛИСТІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙ МА?

c 14:48, 01/12/2023 c 68

0:00 / 0:00

Журналистер қауымы асыға күтіп отырған «Масс-медиа туралы» заң жобасы мәжілісте қызу талқыланды. Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаларға қатысты дер кезінде билік өкілдерінен қажетті ақпарат алу үшін журналистердің сұрауларын қарау мерзімін 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарту. БАҚ беттерінде жарияланған материалдардың ескіру мерзімін 3 жылға белгілеу ұсынылды. Ал қолданыстағы заңда БАҚ беттерінде жарияланған материалдардың ескіру мерзімі бойынша талап қарастырылмаған. 10 жыл, 20 жыл өтіп кетсе де ол материалдарды біреулердің қитұрқы мүддесін орындау мақсатында қылмыстық іс қозғалады. Араға жылдар салып журналистік кәсібіне байланысты құқықтық жауапкершілікке тартылып жатқан мысалдар аз емес. Бұл норма журналистің кәсіби қызметіне көлеңке түсіру болып табылады дейді депутаттар. Сондай-ақ, БАҚ –да мемлекеттік тілдегі контенттердің үлесін 70 пайызға арттыруды ұсынды.

Халыққалаулылары министрдің бұл ұсынысын қолдамады.

Заң жобасындағы жаңалықтың бірі- министрлік халықаралық тәржірибеге сүйеніп журналистерге аккредиттеу құқығын беретін «баспасөз картасы» ұғымын енгізіп отыр. Бұл норма да қызу пікір-талас тудырып отыр. Себебі, пресс-картаны 3 жылдык тәжірибесі бар журналист ғана ала алады. Міндетті түрде журналист мамандығына оқыған дипломы болуы керек. Сондай-ақ, ол құжатты мемлекеттік орган береді. Алайда, депутаттар «баспасөз картасына» қарсылық білдірді.
Бұл норма журналистердің еркін жұмыс істеуіне кедергі келтіреді дейді олар.

Ал ақпарат министрі Балаева ханым бұл тармақ журналистердің ешбір құқығын бұзбайды деп отыр.

Мәжіліс «Масс Медиа туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жоғарыда айтылған ұсыныстар мен сыни пікірлер құжатты екінші оқылымда қарау барысында ескерлімек. Бұл заң жобасы журналистердің мүддесін қорғайтын құжат бола ма? Оның тағдырын екінші оқылымда депутаттар шешеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.