Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗАҢ БАР, ПЛАТФОРМА ЖОҚ

c 00:49, 07/12/2023 c 129

0:00 / 0:00

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қабылданған «Қоғамдық бақылау туралы» заң аясында қазақстандықтар қандай да бір арыз-шағымын қол жинап, петиция жариялай алады. Петицияны арнайы электрондық портал арқылы жолдайды. Алайда, заң бар да, ал сол петицияны жариялайтын арнайы платформа әлі күнге дейін жоқ. Яғни қазір қоғам наразылық білдіріп қол жинап, петиция жариялап жатқанымен, оны мемлекеттік органдар назарға алып та жатқан жоқ сияқты. Себебі Әділет министрінің айтуынша, платформа енгізілмей оның заңдық күші жоқ. Азамат Есқараев уәкілетті орган тиісті платформаны әзірлеп жатыр дейді. Бірақ ол нақты қай мемлекеттік мекеме әзірлеп жатқанын ашып айта алмады.

Бұған дейін ақпарат министрлігі бірыңғай «Электрондық петиция» платформасын құру үшін нормативтік базаны дайындап жатқанын хабарлағанды. Өздеріңізге мәлім тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияға бүгінде 150 мың қазақстандық қол қойған. Әділет министрінің сөзінен түсінгеніміз бұл петицияның да заңды күші жоқ, өйткені бұл платформа заңға енгізілмеген.

Еске сала кетейік, тиісті заң талабына сай мемлекеттік орган петицияны 50 мың адам қол қойған жағдайда ғана қарайтын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.