Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХҚКО-ның жұмыс жасау форматы өзгерді

c 15:35, 12/05/2020 c 590

0:00 / 0:00

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа формат бойынша жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда Жамбыл көшесі бойындағы халыққа қызмет көрсету орталығы 4-ші шағын ауданда орналасқан 28-ші ғимаратқа көшіп, қызметін жалғастыруда.

Карантин талаптарына байланысты біраз жүйеге өзгерістер енді. Жұмыс жасау форматы өзгерген салалардың бірі - халыққа қызмет көрсету орталығы. Енді тұрғындар аталмыш орталыққа бару үшін алдын ала жазылып, тек қағаз түрінде берілетін 97 қызметтің түрін ала алады.

Орталықтың жұмыс жасау уақыты да өзгеріске ұшырапты. Тұрғындар таңғы тоғыздан кешкі беске дейін мамандардың қызметіне жүгіне алады. Алдын ала жазылу үшін 1414 колл орталығына хабарласу қажет. Колл орталық бос уақытты белгілейді.

Қазіргі таңда Егов порталы арқылы 559 қызмет түрін алуға мүмкіндік бар. Қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтің саны 97.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.