Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Хан тоғайын «Sayat» этнотуристік орталығына берілді

c 17:22, 06/06/2019 c 702

0:00 / 0:00

Оралдағы Хан тоғайын енді  «Sayat» этнотуристік орталығына  күтіп баптайтын болады. Батыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Махамбет Ихсанғалидың мәлім еткеніндей, биыл конкурс өткізіліп,  Хан тоғайы бес жылға аталмыш орталыққа  берілді. Осыған орай «Sayat» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, соған сәйкес жұмыс жасалатын болады. Ең алдымен Хан тоғайын тазарту, санитарлық мақсатта ағаш кесу жұмыстары жүргізіледі. Жастарға туристік, спорттық және әскери бағытта тәрбие беру үшін түрлі шаралар ұйымдастырылады. Облыстық бюджетке қаржы да түседі. Ең бастысы, орталық Хан тоғайында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Оларда өз техникасы бар, әлеуеті жетеді. Өткен жылы Хан тоғайында бір өрт болған еді.   Жалпы, орманшылар өздеріне қатысты аумақты аралап үлгере алмайды. Мысалы, бір орманшы күніне 100 шақырымды жүріп өтуі керек. Оның үстіне техника ескі әрі жетіспейді. «Биыл Перевалочная деп аталатын тоғайды да конкурстық негізде жеке қолға беру көзделуде. Онда өткен жылы төрт өрт оқиғасы тіркелді. Мұның бәрі өрттің алдын алу, орманды сақтау үшін қолға алынуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.