Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ

c 10:18, 24/01/2023 c 79

0:00 / 0:00

Жамбыл облысының халықтың табысын көтеру пилоттық жобасы республика бойынша қолданысқа енгізілмек. Бұл жайында ауыл шаруашылық министрлігінің алқа мәжілісі кезінде мәлім болды. Өткен жылы ауыл халқының табысын көтеруге арналған жоба екі облыста бастау алғанды. Ақтөбе облысыныда 3 миллиард теңгеге, Жамбыл облысында 6 миллиард теңгеге жоба жүзеге асырылды. Қалған өңірлерді осы жобаымен қамту осы жылы басталады. Бұған қазынадан 52,4 млрд теңге қарастырылған. Ал ол қалай жүргізіледі? Тілші репортажынан.

Халықтың табысын арттыру үшін жеке үй телімі, шағын және орта бизнес және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдетілген несие беру көзделген. Осылайша, шенеуніктер жобаның сәтті жүзеге асуы көптеген ауыл тұрғындарының табысының өсуіне әсер етіп, ауыл тұрғындарының жартысынан көбі кәсіпкерлікпен айналысатын болады деген сенімде. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасының мақсаты- кооперацияны дамыту болып табылады. Бұл ретте инвестициялық субсидиялау ережелеріне сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы техникасы құнының 50 пайызына дейін мемлекет өтейді.

Жоғарыда айтылғандай, жеңілдетілген 2-ден 5 пайыз көлемінде беріледі. Пилоттық жоба адамдарға өзбетінше табыс атуып, кірісін арттыруға мүмкіндік береді дейді шенеуніктер. Олардың айтуынша, елді мекендерде кооперативтер құрылып, қара малдың саны артып жатыр. Шағын бизнес-жобалар жүзеге асуда. Осылайша, үш жылдан соң Жамбыл облысында кәсіпкерлер саны үш есеге артты. Өзін жұмыспен қамтығандар саны өсіп, осы жобаға қатысқандардың табысы айтарлықтай артты. Бұл атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандар санының үш есеге қысқаруына әкеп соқты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.