Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халықпен жұмыс жанданып келеді

c 17:25, 16/10/2018 c 738

0:00 / 0:00

Биылғы елбасы жолдауында көрсетілген нақты тапсырмалардың бірі халықпен жұмыс жасайтын орындардағы қызметтің мөлдірілігі. Осы орайда бүгін өңірге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Саян Ахметжанов Оралдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болып жұмыс барысымен танысты.

Айта кетейік, бұл еліміз бойынша ашылған 15-мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы. Небары 90 минуттың ішінде көліктерін тіркеп, жүргізуші куәлігін екі сағаттың ішінде алуға мүмкіндік жасалған орталық бастапқыда бір күнде 200-ге жуық тұлғаға қызмет көрсетсе, бүгінде кеңес беруден бастап, жүргізуші куәлігін алу шараларын қосқанда 1500 адам орталық қызметін тұтына алады. Бұл қысқа мерзімді қызметтер бизнес-процестердің автоматтандырылып, маңызды жұмыстарды бір кешен аумағында ұсынылуының арқасында мүмкін болып отыр,- дейді сала мамандары.
Жұмысына кіріскен алғашқы төрт айда келушілер қатары күрт көбейген. Бұған сапар барысында көзі жеткен Саян Ахметжанов Елбасы тапсырмаларының өңірлерде жүйелі жүзеге асырылып жатқанымен байланыстырды.
Саян Ахметжанов бастаған делегаттар жұмысы одан әрі қарай аудандарда жалғасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.