Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ветелки және Новостройка су барады

c 17:42, 06/06/2019 c 884

0:00 / 0:00

Биыл Орал қаласына қарасты ауылдық округтер 100 пайыз ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы бүгін Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мирас Мүлкай мәлімдеді. Осы кезге дейін шаҺарға іргелес жатырған Ветелки және Новостройка ауылдарының тұрғындары таза суға тарығып, ауызсуды тасып ішкен болатын. Қазір ауыл іші қарбалас, құрылыс жұмыстары қызып жатыр. Мердігер құрылыс компаниясының өкілдері жұмысты межелі уақыттан бұрын бітіріп, көптен күткен тіршілік нәрімен тұрғындарды қамту шараларын аяқтаймыз дейді. Негізінен бұл жұмыстар осы жылдың 3-ші тоқсанында аяқталуы тиіс. Тұрғындар  ауызсуды тасып ішудің машақатын біледі. Сол ебепті бір ұрттам суды ысырап жасауға жол бермеу қажет екенін айтады. Су тартуға  қазынадан 337 млн. теңге қаражат бөлінген. 21 шақырымды құрайтын су құбырының 18 км-і магистралды, ал, 3 км і ауыл ішілік. Құрылысқа 40 адам тартылған. 2023 жылдың аяғына қарай Қазақстанда ауызсу мәселесі толықтай шешіледі.  Қазіргі таңда ел тұрғындарының 90 пайызы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Алайда 1 млн 200 мың халық тұратын 2600-ден астам ауыл таза тіршілік нәріне қол жеткізе алмай отыр

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.