Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ВЕЙП ТАРАТҚАНДАР СОТТАЛАДЫ

c 14:22, 25/01 c 73

0:00 / 0:00

Электронды темекінің зияны жайында дәрігерлер қанша дабыл қағып жатса да оны қолданушылардың қатары көбеймесе азаяр емес. Мамандар құрамында канцерогендер бар бу организм үшін өте қауіпті екенін айтады. Улы заттардың әсері астма, пневмония, жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін. Вейптің кәдімгі темекі шегуден айырмашылығы, электронды буландырғыштарды шегу кезінде адам түтінмен емес, бумен дем алады. Будың құрамындағы заттардың бір бөлігі өкпеге, ал қалғаны қоршаған ортаға енеді. Мұның кесірінен тыныс алу жолдарының жұмысы қиындай түседі. Сонымен қатар ағза тез қартаяды. Мәжіліс депутаттары ел аумағында электронды темекінің айналымына тиым салатын қатаң норманы қабылдады. Әсіресе жастар арасында жиі қолданылатын вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынатын болды. Тіпті, вейптің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр. Оны сатқандар 50 тәулікке дейін қамауға алынады, ал ел аумағына әкеліп, таратқаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, егер бұл заңсыз әрекет қылмыстық топпен жасалса және бiрнеше рет жасалған әрекеттер орын алса 5 жылға дейiн соттау көзделген.

Аталған норма енгізілген құжат сенатқа жолданды. Депутаттардың айтуынша, апта сайын Астана мен алматылық жастардың шамамен 80 пайызы вейп сатып алады. Қаржы министрлігінің дерегінше, 2020 жылдан бері оның сатылуы 300 есеге өскен. Мәжілісмен Тұрлыханов ендң вейіппен бірге, жастар жиі қолданатын кальянға да тиым салу керек деген ұсынысын алға тартты.

Кальянның құрамында темекіден бөлек түрлі ароматизаторлар, масайтатын заттар қосылатыны мәлім. Оған гашишь те, арақ та, коньяк та қосуы әбден мүмкін. Оны қадағалап жатқан бір жан жоқ дейді депутат. Ал кальянды қоғамдық орындарда қолдануға заң жүзінде тыйым салғанымен, оны ескеріліп жатқан жоқ. шағым түскен жағдайда әкімшілік шара қолданылып, небәрі 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салынады. Дәулет Тұрлыханов үкіметке жолдаған депутаттық сауалында барлық көңіл көтеру орындарына рейд ұйымдастырып, кальянның елге кіруіне, оның тұтынылу заңдылығына тексеру жүргізуді, елімізде кальянды қолдануға мүлдем тыйым салуды және оны бұзғандарға едәуір жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын әзірлеуді сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.