Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұжымдық бақша

c 16:36, 10/09/2020 c 908

0:00 / 0:00

Облыс әкімінің тапсырмасымен биыл ауылдық жерлерде ұжымдық бау-бақша салу үрдісі басталды. Мақсат біреу- азаматтарға қысқа дайындалуға көмектесу. Осыған орай 125 гектар жерге көкөніс пен картоп өнімдері егілген. Қазіргі таңда жиын-терім жұмыстары жалғасып жатыр.

Биыл БҚО алғаш рет ұжымдық бақша салу үрдісі қолға алынып, қазіргі таңда қара жерге дән егіп, жаз бойы майдай терлерін төккен шаруалар өнімдерін жинап жатыр. Сала мамандарының келтірген дерегі бойынша биыл осы мақсатта суға жақын орналасқан 125 гектар жер көкөніс егемін деп ниет білдірген жандарға берілген. 200-ден астам батысқазақстандық отбасы бұл мүмкіндіктің шарапатын көрген.

Қазіргі таңда шаруалар піскен бау-бақша өнімдерін жинап, қысқа дайындықтарын сайлап жатыр.

Ауыл шаруашылығы саласының мамандары келешекте де ұжымдық бау-бақша үрдісін жалғастырып, азаматтарға өнім егуіне мүмкіндік жасауды жалғастыратынын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.