Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үздіктердің байқауы

c 16:40, 30/07/2019 c 572

0:00 / 0:00

Қала күніне орай түрлі саланың үздіктері марапатталмақ. Тамыз айында байқауда оза шапқан жандар мен кәсіпорындардан өтініш қабылдана бастайды. Облыс орталығында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан үздіктердің сайысы "Жасыл қала" деген атауға ие болды.

Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сәйкес, қала күніне орай "Жасыл қала" байқауы ұйымдастырылмақ. Сайыс бірнеше аталым бойынша өтпек. Дода түрлі саланы қамтымақ. Өтініштердің дені 23- тамызға дейін қабылданады.

Орал қаласының имиджін көтеріп, тұрғындардың белсенді болуға насихаттайтын байқау барысында "Үздік аула, кіреберіс, пик пен үздік мамандар анықталмақ. Ал, бұл Құрылысшы ықшам ауданында орналасқан 39 тұрғын үйдің ауласы. Аталмыш ауланың тұрғындары осыдан 3-4 жыл бұрын үздіктерді анықтайтын сайысқа қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болған. Тұрғындар бірлесе отырып, ауламызды мультфильм кейіпкерінің суретін салып, абаттандыруды қолға алдық,- дейді.

Жеңімпаздарды әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия анықтайтын болады. Үздіктердің баршасы салтанатты жиында марапатталмақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.