Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰОС ардагері қайтыс болды

c 17:07, 25/08/2020 c 464

0:00 / 0:00

Оралда Ұлы Отан соғысының қарт ардагерлерінің бірі, 94 жастағы Минжан Абдрахманов қайтыс болды. Ол қайсарлығы үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» орденімен және «Жапония соғысындағы Жеңісі үшін», «Германия соғысындағы Жеңісі үшін», сондай-ақ «КССР ІІД мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.Минжан Абдрахманов 1926 жылы 26 қарашада Сырым ауданының Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында 49- шы қосалқы артиллериялық полкта, 13-ші оқыту автополкінде, 52-ші гвардиялық минометті полкі құрамында болды. Жеңіс жалауын желбіріткен Минжан Абдрахманов соғыстан кейін Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерінде қызмет етіп, зейнетке шықты. Жеңістің 76 жылдық мерейтойын көре алмай өмірден өтті.Ардагер-ата тамырын тереңге тартып, жапырағы жайылған, биік бәйтеректей еді. Бүгінде одан 10 балада 20 немере және 29 шөбере тараған. Бүгінде Орал қаласында 41 соғыс ардагері, 3 мыңнан астам тыл еңбеккері бар Оларға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдаулар жасалып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.