Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА

c 15:46, 02/02 c 62

0:00 / 0:00

«Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы жүзеге аса бастады. 6 млн 900 мыңнан астам балаға қордан жалпы 695 млн доллар бөлінді. Үкімет бұл бағдарламаны ұсынғанда балалардың шотына 150-160 доллар түсінетіні хабарланған еді. Бірақ көпшілік көріп отырғандай ол сома едәуір азайған.Әр балаға 100 доллар шамасында қаржы түсіп жатыр. Қаржы вице-министрі қордан әр балаға түсетін соманың азаю себебін бала санының артуымен байланыстарды.

2006 жылы және одан кейін дүниеге келген балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-і түсіп тұрады. Табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішіндегі орташа сомамен есептеледі. Барлық бала бірдей сома алады. Бала он сегіз жасқа келгенше шоттағы қаражатты қолдана алмайсыз. Тек 18 ж толғанда жиналған қаржыны баланың оқуына немесе баспаналы болуына пайдалануға құқығыңыз бар. Балалардың шотын жарыса тескеріп жатқандар бұл жаңалықты әрқилы қабылдап жатыр. Әлеметтік желіде бірі жоқтан тәуір десе, енді бірі бала 18 жасқа толғанға дейін 100 доллардан есептегенде 1800 доллар жиналады. Ол қай жыртығын жамайды деп те жазып жатыр.

Балаңыздың шотына түскен қаржыны тескеру үшін kids.enpf.kz сайтына кіріп, баланың ЖСН терсеңіз, қажетті ақпарат шығып тұрады. Алайда, ақпанның бірінші күнінен сайтты қарап жатқандардың қарасы қалың. Тіпті сайт жұмыс істемей қалып жатыр. Үкімет жылдар бойы ұлттық қордың қаражатын бюджеттің жыртығын жамауға немесе екінші деңгейлі банктерді қолдауға жұмсап келген еді. Енді балаларға бөліне бастаған қаржыны болашақта инветсициялық айналымға жібермей ме деген сұрақ туындайды. Сенаторлар баланың ақшасына тиіспейді деп сендіреді. Қазір Ұлттық қорда 57 миллиард доллар ғана бар. Депутаттардың айтуынша, соңғы 8 жылда Қордың қаражаты 73 миллиард доллардан 57 миллиард долларға дейін төмендеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.