Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үкім шықты

c 18:02, 23/09/2019 c 732

0:00 / 0:00

1973 жылғы әйел адамды өлтірген 28 жасар Қызылорда облысының тумасы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қоса, осы қылмысты уақытылы құқық қорғау органдарына айтпай, сотталған азаматқа болысқан екі батысқазақстандық 2 жылға сотталып отыр. Қайғылы оқиға 2019 жылдың 15-ші сәуірінде Кердері көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде болыпты. Белгілі болғандай, 28 жасар Бимұратов пен қайтыс болған азаматша бір мекемеде жұмыс жасап, кейін көңіл жарастырыпты. 15-ші сәуірде Бимұратов пен қайтыс болған марқұм арасында жанжал болып, қылмыскер 400 мың теңге көлемінде ақшасын сұраған. Ұрыс барысында марқұм сотталған азаматтың бетінен сөмкесімен ұрып, пәтерден шықпақ болған кезде, Бимұратов әйел адамды қылғындырып өлтірген. Кейін, қайтқан пәтерге 25 жасар Кеңесов пен 21 жасар Жәрдемовты шақырыпты. Оларға 20 мың теңге беріп, базарға жұмсаған. Жалдалы пәтерге барып, әйел адамның қайтыс болғанын тәртіп сақшыларына хабарламаған қос азамат бұл әрекетін, сотталған Бимұратовтан қорыққасын жасадық деп түсіндіріп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.